Жаһандық ысыну

Жер шары - ортақ үйіміз 17

250969
Жаһандық ысыну

Табиғатпен байланысымыз кез келген бір банктің есепшоты сияқты. Дәл банкте атыңызға ашылған есепшоттағы секілді табыстарыңыз бен шығындарыңыз тепе-тең болғанда, есепшотыңыз ешқандай өзгермей бір қалыпты тұрады. Ғаламшардың да өзіндік бір есепшоты бар. Оның банкі құрамында біз де өмір сүріп жатқан жұлдыздар жүйесі және есептің түрі энергия. Ғаламшарымызға секунд сайын белгілі бір мөлшерде Күннің радиациялық сәулесі түсіп жатады. Мұның шамамен 30 пайызы кері қайтады. Қалған 70 пайызы болса, құрлықтар, мұхиттар және атмосфера тарапынан сорылады. Жер шарының энергия күші артқан сайын ғаламшарымыз ақшасы бар адамға ұқсап оны жұмсайды. Жинақталған жылу энергиясын ғарышқа тағы қайтарады. Адамзат тарихында энергиялық табыс пен шығыс мөлшері тепе-тең болған және осыған байланысты ғаламшардың температурасы тепе-теңдікті сақтаған. Енді бұл жағдай жайлап өзгеріске ұшыраған секілді. Ғаламшарымыздың банктік шоты сәл қиынырақ жағдайға душар бола бастаған көрінеді. Есепшоттың жаңа атауы болса «Жаһандық ысыну» болып өзгерген.
* * *
Жер шары жылдам және үздіксіз ысынып жатыр. Енді адамның әсерімен пайда болған климат өзгерістері ғаламшарға қауіп төндіріп отыр. Атмосферадағы температураның артуы, әр маусымда өзін сезіндіре бастады. Үздіксіз жауған жаңбыр, жер шарындағы ылғал және өсімдіктердің құрамына болымсыз түрде әсер етеді. Мұның нәтижесінде судың топырақ тарапынан сорылуы азайып, сел апаттары көбейіп келеді. Жаңа жауын жүйесі егістіктердің орын алмастыруына себеп болады. Таудағы мұздықтар және қардың азаюы гидрологиялық жүйе және топырақтың құрамына да қатты әсер ететін болады. Көміртегі қышқылының атмосфераға әсері баршаға мәлім. Жаһандық ысыну климат өзгерісіне себеп болады. Жер шарының қатты ысынуы нәтижесінде әлемнің түкпір-түкпірінде дауылдар мен су басқыншылығы өзін көрсете бастады.
Естеріңізге сала кетейік, 2005 жылы жер шарында соңғы 50 жылдың ең қатты ысыған жылы болған еді. Әлемнің кейбір мемлекеттерінде су тасқындарының салдарынан мыңдаған адам көз жұмған болатын. АҚШ-та, мұхит аралдарында, Бангладеш, Үндістан мен Пәкістанда пайда болған қарқынды дауылдар, қатты үрген муссон самалы және цунамилер кездейсоқтықпен болған апаттар емес. Мамандар климат өзгерісінің алғашқы сатысының басталғанын алға тартады. Кездейсоқ пайда болған дауылдар, цунамилер, жер сілкіністері сияқты табиғи апаттар мұның ашық дәлелі.
* * *
Қазіргі таңда климат ғалымдары пайдаланған бірнеше жаһандық климат моделі бар. Осылардың бәрі күрделенген кезде басқаша көрінсе де, нәтижеде бірдей көзқарасты алға тартады. Мысалы, осы моделдердің барлығы көміртегі қос тотығының артуымен әлемде ысыну процесінің жайлап артуына себеп болғаны жөнінде. Осы ысынудың қайтуы болса жаһандық ысынуды пайдалану жылдамдығына байланысты. Осыған қоса, атмосферадағы көміртегі қос тотығы мөлшерінің 2050 жылдар екі есе артуы болжалады. Осы ысыну тақырыбында климат моделдері әртүрлі нәтижелер береді. Кейбір моделдер 1 С° пен шектеулі қалатынын болжаса да, кейбіреулері осы көрсеткіштің 5 С°-ға дейін көтеріле алатынын алға тартады. Жаһандық бір ысынудың бар екені, ауқымы және бәрінен де маңыздысы әлемде қандай өзгерістерге себеп болатыны жайлы сөз болып жатқан жоқ. 1 С° мөлшеріндегі ысынудың қоғамдық құрылымға болымсыз әсер етпейтіні айтылады. Бірақ атмосферадағы 5 С° мөлшеріндегі ысыну жер шарында тек адамзатқа ғана емес, барлық жан-жануарға үлкен зиянын тигізеді.
Алғашқысы 1979-жылы өткен «Әлем Климат өзгерісі саммитінен» бері ысынудағы артудың адамзат үшін үлкен бір апатқа айналатыны, саясатшылардың да күн тәртібіне келе бастады. Өкінішке орай, саясатшылардың осы шындыққа назар аударуы көп уақыт алды. Алайда саясатшылар қазірден-ақ болашақ үшін енді ғана кейбір шаралар қолданғысы келеді. Өйткені тек қоршаған орта мамандары мен ұйымдарының емес, қоғамның да қысымы мойындарына салмақ түсіріп отыр. Бірақ саясатшылар дұрыс шешім қабылдау үшін жаһандық ысынудың әлемнің қай аймағына қалай әсері ететінін үйренгісі келеді. Өйткені осы шешімдер, қоғамдық және экономикалық құрылымдарда тұрақты өзгерістер жасауға септігін тигізеді, бәлкім жүз мыңдаған адамның тіршілігін өзгертеді.
Шараларға жұмсалатын шығындар миллиардтаған долларға жететіндіктен ешкім бекерге ақша жұмсағысы келмейді. Сондықтан саясатшылар ғалымдардан нақты және тұрақты нәтижелер күтеді. Ғалымдар болса, жаһандық ысыну жайлы нақты мәліметтер шығаруға әлі қол жеткізе алған жоқ. Климат мамандары шамамен жүз елу жылдан бері келе жатқан және қазіргі кезеңде сәл де болса жылдамдата түскен бұл жағдайдың себептері, мерзімі, болуы ықтимал нәтижелері және жасауға тиісті жұмыстар бағытында ортақ көзқарасқа келген жоқ. Жалғыз ортақ көзқарастары ысынудың ғаламшарымыздың көрінісі мен үстіндегі тіршілікті мүлдем өзгертетіні жөнінде. Олар үшін аймақтық өзгерістерді болжау өте қиын, олар тек қандай өзгерістерге душар болатынымызды айта алады.
* * *
Жаһандық ысынуды тоқтату мүмкін емес секілді. Бірақ бәрібір күшін азайтудың өзі болашақ ұрпақтар үшін талпыну керек деген сөз. Зиянды газдарды табиғи күйінде қалдырған кезде жаһандық ысыну да күшін жоя бастайды. Біздің де табиғатқа жеке үлес қоса алатын мүмкіндігіміз бар болар. Күн шаруашылықтары, жел трибуналары немесе ілгері технологиялық үйлер құру қажетті. Бәлкім үйіміздегі бір шамшырақты өзгертуден бастай алармыз. Ескірген шам шырақтарымызды жаңа үнемдеуші жарықтандыратын материалдармен өзгертуге болады. Сіздің көзіңізде майда жұмыс болып көрінгенмен, бір шам шырақтың табиғатқа келтірген зияны 225 кг. көмірді жағумен бірдей. Атмосфераға жіберілген зиянды газ мөлшерін азайтуға әсер етуіміз мүмкін.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар