Жер шары - ортақ үйіміз 02

Жаһандық ысыну және климат өзгерісі жайлы алғашқы деректер.

182484
Жер шары - ортақ үйіміз 02

Көп емес бұдан бір ғасыр өткен соң немерелерімізге мұғалім сыныпта тақтайдың орнына қойылған сандық көрсеткіші бар үлкен экраннан бірнеше жануардың суретін көрсетіп, олардың не екенін сұрайды. Немерелеріміз сұраққа «Ақ аю», басқа бір суретті «тюлень» немесе «пингвин» деп жауап қайтаратын шығар. Жауаптың жалғасында барша бір ауыздан «21-ші ғасырдың аяғында осылардың тегі жойылды» дейді.
Мұғалім қайтадан сұрайды: «21-ші ғасырда не болды?». Сыныптағы балалар бір ауыздан айқайлап, «Қоршаған орта ластанды, күн райы ысынып, климаттар өзгерді...» деп жауап қайтарады.
Осы айтылғандарды сізге ертегі болып, әңгімеші ретінде айтқымыз келер еді. Дегенмен осы күнге дейін табиғаттағы өзгерістер ортада. Осылай жалғасқан жағдайда, келешекте осы мысалдардың трагедиялық құжатқа айналуы мүмкін. Қуантатын бір жайт апаттардың алдын алу үшін қазір бұрынғыға қарағанда, жақсы жұмыстар атқарылуда. Бұдан былай жауапкершілікті мойынына алғандар саны көбейіп, дереу қозғалса келешекте немерелерімізге жақсы ертегілер айтып беруге мүмкіндік болады.
* * *
Әлемдегі ластану процесінің келешекте климаттарды өзгертетіні кейбір ғалымдар тарапынан алға тартылады. Климат өзгерісінің өткеніне қарағанда, жаһандық ысыну тақырыбында назар аударарлық тұстар байқалады. Айталық «Зиянды газдар теориясы» тұңғыш рет 1827 жылы француз математик Жан Батист Фурье тарапынан ортаға атылған.
1896 жылы Нобель сыйлығын алған швециялық химик Сванте Август Аррениус болса қазынды отын сияқты адам жұмыстарының ғаламшардың ысынуына себеп бола алатынын атап, «Ғасырлар өткен сайын атмосфераның көміртегі мөлшері екі есе көбейіп, жер шары 5° ыстыққа көтерілуі мүмкін. Ысыну көк аспанға көтерілген сайын артып отырады» деген болатын. Бірақ Аррениустың айтқан сөздеріне ешкім назар аудармады. Өйткені сол кездегі ғалымдардың көпшілігі мұхиттар атмосферадағы барлық көміртегін «сорады» деп қарады.
Ауадағы зиянды газ бен климат өзгерістері тақырыбына 1938 жылы ағылшын ғалым Каллендер айтқан сөздерге ешкім де назар аударған емес. Аталмыш тақырып Халықаралық геофизика жылы ретінде аталған 1957-жылы американдық географ Ревеллидің бастамасымен қайта күн тәртіпке келді. Бір жыл өткен соң атмосферадағы көміртегі мөлшерін өлшеу үшін арнайы бір станция құрылды. Дегенмен «Жаһандық ысыну теориясы» қабылданбады, кейінгі жылдары «Салқындау теориясы» деген көзқарас алға тартылды.
* * *
1970 жылдан кейін жаһандық ысыну қаупі жайлы айтылғандар қатты назарға алына бастады. Мұның себебі «Жаһандық метеорология ұйымының» (WMO) жұмыстары нәтижесінде қол жеткізген тұңғыш ғылыми дәлелдер болды. Адамзат қолынан ластанған ғаламшардағы климат өзгерісі құжатқа түсе бастады. Ақырында 1979-шы жылы ұйым басшылығында жаһандық климат конференцияларының алғашқысы жүзеге асты. Конференцияда қазынды отындарға бағыныштылық және ормансыз ұзақ жылдар өмір сүру жалғасқан жағдайда, атмосферадағы көміртегі жиынтығының арта түсетіні атап көрсетілді. Осы жиынтық климатта маңызды және ұзақ мерзімді өзгерістерге жол ашатын бір қауіп болатын. 1980-ші жылдары жаһандық ысыну ықтималы жие талқыланып, ғылыми ынтымақтастық артты. Бірақ осыған қоса технологиялық жаңалықтар мен адамдардың осы технологияға құмарлығы да арта түсті. Ғылыми жұмыстар жеке немесе ұйымдық қозғалыстарды арттырып отырса да, атмосфера одан жылдам ластана бастады.
Жаһандық ысыну жайлы халықаралық тұғырда белсенді қызмет атқарған мекемелердің басында Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Үкіметаралық Климат өзгерістерін талқылау тобы (IPCC) келеді. БҰҰ Экология бағдарламасы (UNEP) және БҰҰ-ның Жаһандық Метерология Ұйымы (WMO) тарапынан 1988-ші жылы құрылған бұл топтың құрамында жүздеген халықаралық маман мен 100-ден астам мемлекеттің өкілі жұмыс істейді. Осы топ бүгінге дейін 1990, 1995 және 2001 жылдары климат зерттеулерінің жағдайын мәлімдеді. Климат өзгерістері талқылау тобының (IPCC) соңғы рапорты 2007-ші жылы жарияланған болатын.
1990 жылғы алғашқы климат рапортында адамның әсерімен атмосфераға тараған газдардың болымсыз әсері жайлы әңгімелер айтылатын. Ал екінші рапортта атмосферадағы зиянды газдың басты жауапкерінің адамзат екені жарияланды. Кеңестің 2001-ші жылғы рапортында болса жер шарының ысыну мөлшерінің 100 жылдың ішінде аса маңызды деңгейге ұласатыны болжалды. Мамандар 2°-тан да аз ысынудың өте қауіпті климат оқиғаларына себеп болатынын, алайда мұны бақылауға алудың мүмкін екенін атап көрсетті.
Үкіметаралық климат өзгерістері жиналысының 2007 жылғы соңғы рапорты үшін 2 мың 500 маман алты ай бойынша жұмыстанды. Жұмыстарының соңында «атмосферадағы ысыну мөлшерін арттыратын себептер» туралы бүгінге дейін жасалған ең ауқымды талдауды халықаралық қоғамның назарына ұсынды. Рапортқа қарағанда адамның атмосферадағы зиянды газ өндірісі артады. Бұл да ғаламшардың ысынуына себеп болады және міндетті түрде шара қабылдауға мәжбүр боламыз.
* * *
2007-ші жылғы рапорт шын мәнінде де ұзақ жылдар жинақталған жұмыстардың нәтижесін ортаға қойды. Нәтижелер көңілге қонбаса да, жүргізілген жұмыстар үміттерді арта түседі. Осы себепті 2007 жылдың аяғында АҚШ-тың бұрынғы президент орынбасары Альберт Горға қоса Кеңеске Нобел жүлдесі берілді. Гор «сәйкессіз шындық» деп аталатын деректі фильмі арқылы жаһандық ысынуға назар аударған болатын.
Сыйлықтың берілу себебі; саясатқа қоса түсірген фильмдер мен кітаптары арқылы климат өзгерісімен күрес ретінде жарияланды.
БҰҰ-ның Климат Кеңесінің 2007 жылғы рапорты адамзаттың ғаламшарға зиянын ашық түрде ортаға қойды. Келесі бағдарламаларда осы рапорттың көрсеткіштерін баяндаймыз.
Көңіліңіздегі «жер шарын құтқару» арманының күн сайын арта түсетініне кәміл сенеміз. Кір мен ыдыс-аяқтарды жуғанда жылы суды азырақ қолдану атмосферадағы көміртегі өндірісін азайтады. Ұмытпаңыз, сіз қосатын кішкентай үлестер, үлкен жетістіктерге айналады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар