Жаһандық перспектива - 5

Жаһандық актерлермен өңірлік дағдарыстар шешілмейді

900008
Жаһандық перспектива - 5

Анкара Йылдырым Беязыт Университеті Саяси білімдер факультеті деканы Проф. Др. Кудрет Бүлбүлдің осы тақырыптағы анализін ұсынамыз.

Өткен аптада жаһандық актерлермен өңірлік дағдарыстардың шешілмейтініне қысқаша тоқталған болатынбыз.  Бүгін осы тақырыпты тереңдете түсемін.

    Жақын тарихта жаһандық актерлер немесе жаһандық актерлердің басшылығында қалыптастырылған халықаралық коалициялар араласқан ешбір елге тұрақтылық келмеді. Керісінше жаһандық актерлердің килігуіне душар болған аймақтарда тұрақсыздық жалғасып келеді.  Осы елдер көбіне өлім,  көз жасы,  үлкен көш, экономикалық дағдарыстармен кезікті.  Одан да бетер жағдайға келді.

Жақын кезеңде жаһандық актерлер белсенді орын алған дағдарыстарға қарап шығу осы қайғылы шындықты анық көрсетеді.

Кеңестер Одағы тарихта қалды. Бірақ Кеңес Одағының басқыншылығымен басталған Ауғанстан дағдарысы әлі де жалғасуда.

Иә,  Саддам диктатор болатын. Саддамның қысымшыл билігі астында көптеген заңсыздықтар болды.  Бірақ жаһандық актерлердің араласуымен Ирактың басына келгендерді көргеннен кейін ирактықтардың қанша пайызы Саддамның Ирагын емес,  бүгінгі Иракты таңдар еді?

    Жаһандық актерлердің араласуымен бөлінген,  талан-таражға салынған Ливияның болашағы жөнінде ливиялықтар қаншалықты үмітті?

Ал Сирия ше?         Елде өмір сүретіндердің барлығына дерлігі көшіп кеткен,  жүз мыңдаған адам өлтірілген, өркениеттер бесігі Дамаск,  Алеппо секілді қалалар адам танымайтындай болған Сирияда жаһандық актерлердің араласуымен кім қандай болашақ көздейді?

    Ауғанстанда ондаған жыл бойы жалғасқан соғыс салдарынан ең үлкен құнды төлеген Пәкістан бүгін АҚШ-тың қорқытуымен одан да үлкен дағдарыспен бетпе-бет келіп тұр.

Адам баласының ең парасатты лидерлерінің бірі Алия әртүрлі қорқыту және орындалмаған уәделермен қол қоюға мәжбүр болған Дейтон келісімі Босния мұсылмандарына қаншалықты тыныштық әперді? Босния мұсылмандарын топтық мазарларға көмген серб қанішерлер Халықаралық соғыс қылмыстары соты тарапынан үкім киді, бірақ Босния және Герцоговина серб, хорват  және боснияктар арасында бөлініп,  қадам баса алмайтын елге айналдырылды.

Мьянманың, үйлері өртеліп,  өлтіріліп,  күштеп көшірілген Рохинджа/Аракан мұсылмандарының трагедиясы қазірге Бангладешті паналағандықтан, қашықтық себебімен батысқа жете алмағандықтан халықаралық қоғамның немесе жаһандық актерлердің назарын аудармауда. Назар аударған күннің өзінде де олар үшін әділ шешім болып болмайтыны белгісіз.

Соңғы ғасырдағы үрдісте жаһандық актерлердің араласуымен Палестинаның келген жері болса ашық көрінеді.  Израиль басқыншылығымен жерлері күн өткен сайын азайып бара жатқан Палестина және еркіндік алаңдары күн сайын тарылып,  жартылай ашық түрмеге айналған жерде өмір сүретін палестиналықтар...

Осындай мысалдарды көптен тізуге болады.

Өкінішке орай,  жоғарыда аталған дағдарыстардың барлығы мұсылман территориялардың дағдарыстары.  Осы жағдайды айырықша түсіндіру, қолға алу қажет.

Жаһандық актерлердің араласуымен проблемалар неге одан да тұрақты жағдайға келуде?

Осының ең негізгі себебі – жаһандық актерлердің санасы.  Халықаралық саясатқа принцип, әділет,  құқық емес,  өз бастарының мүддесі,  елдерінің пайдасына сай қараулары. Еуропа Одағы Түркия мәлімдемешісі Кати Пиридің «40 мың адамның қанішері террорлық ұйым PKK-ның өздері үшін қауіп қалыптастырмағаны» жөніндегі хабарламасы осы көзқарасты айдан анық әшкерелеп береді.  Осы көзқарас өзіне шабуылдамаса ешбір террор ұйымына уайымдамайтын,  қауіптенбейтін, адам баласы үшін қайғылы көзқарас болып саналады. Осындай көзқарас біздің өркениетімізге жат.  Біз ешбір проблемаға империалист көзқараспен қарай алмаймыз.  Өз мүддесі үшін ешбір принципке бағынбайтын,  мақсатына жету үшін әртүрлі әдісті қолданатын,  әртүрлі манипуляцияны жасайтын көзқарасты қабылдау мүмкін емес.  Біздің өркениетімізде соғыстың да өз құқығы, қағидасы болады.  Құқықты соғыстың құралы емес,  соғысқа да құқықтық шеңбер дайындайтын, тек сол шеңберде соғысуды заңды деп қабылдайтын көзқарасымыз бар.

Құндылықты, әділетті ойламайтын,  тек мақсатына жету үшін ешбір шекараны қабылдамайтын,  мүддесіне орай сыртқы саясат жүргізетін жаһандық актерлердің жоғарыда аталған проблемаларға, өңіріміздегі дағдарыстарға көзқарасы да әрине осы шеңберде болады.

Осы шеңберде жаһандық актерлер өңіріміздегі дағдарыстардың бастау көзі, ушықтырушылары.

Жаһандық актерлер бір-біріне зиян келтіру үшін өңірлік дағдарыстарды қолдайтынын жиі көреміз. Өңір елдерін, тұрғындарын империалистік мақсаттары аясында басқа елдерге зиян келтіру үшін қолшоқпар ретінде қолдануды да жақсы біледі.

Жаһандық актерлер өздері шығармаса да,  дағдарыстардың созылуын қалайды,  осы бағытта саясат жетідіруі де мүмкін.  Америка Құрама Штаттарының Сириядағы ұстанымы да осы жағдайдың нақты көрсеткіші.

Жаһандық актерлер көп мөлшерде қару сату арқылы өңірдегі дағдарыстарды өздері үшін коммерциялық мүмкіндікке айналдыруы да әбден мүмкін.

Басқа жағынан жаһандық актерлерге өңірлік дағдарыстар себебімен ортаға шыққан жағымсыз шарттар да әсер етпейді. Дағдарыстардың ауыр құнын өңір елдері өздері төлейді.

Жаһандық актерлер аймақта тұрақты емес.  Өңір халықтарының арасына салынатын араздық оларға зиян тигізбейді.

Жоғарыда аталған себептермен өңірлік дағдарыстар болған кезде алдымен шешім үшін өңірлік коалиция қалыптастырылуы қажет.

Әрине,  проблемалар тек жаһандық актерлерден ғана шықпайды.  Негізінде көбіне дағдарыстардың көзі мен жаһандық актерлердің араласуының себебі өңір елдерінің ұстанымы. Сонымен бірге өңір елдерінің қателері де басқа бір анализдің тақырыбы.  Мен өңірлік дағдарыстардың шешімінде жүргізілуі керек әдіс немесе жүргізілген қате әдістердің қорытындысы туралы айтып отырмын.

Шешім өңірлік деңгейде болмайынша, жаһандық актерлердің кикілжіңінен өңір елдері зиян көреді/көруде.

Көрші елдердің экспансиялық, секталық, нәсілшіл саясаттарына орынды сын айтуға болады.  Өңір елдерінің осы саясаттары себебімен өңірлік шешім іздеу ынталарын да ұнатпауымыз мүмкін.  Бірақ жоғарыдағы мысалдарда келтірілгендей өңірлік проблемаларға жаһандық актерлердің араласуы өңірдегі дағдарыстарды шешпейді, дағдарыстарды одан сайын тереңдете түседі.  Бұл жағдай мың жылдан бері бірге өмір сүріп келе жатқан бір территорияның перзенттеріне араздық салуда,  аталмыш территорияның қадірін азайтуда.  Сондықтан өңірлік дағдарыстардың өңір елдерінің ынтасымен шешілуіне басты назар аудару қажет.

 



Ұқсас жаңалықтар