Түркияда рафтинг

Түркиядағы Саклыкент каньоны  - рафтинг сүйерлер үшін таптырмас жер.

Фетхиедегі Карачай өзені жаздың ыстық күндерінде туристер көп келетін жерге айналды.  Судың орташа температурасы 12-12 градус. Рафтинг үшін келетін туристер алдымен кәсіпқой жол көрсетушілерден кеңес алады.

Карачай өзені бойында ұзындықтары 5-15 км арасында өзгеріп отыратын үш түрлі рафтинг жолы бар.