Түркия және Әзербайжан бірлескен әскери жаттығулары жалғасуда

Түркия және Әзербайжан қарулы күштері Әзербайжанда ұйымдастырған бірлескен әскери жаттығуда түнгі міндеттер орындалды.

Әзербайжан Қорғаныс министрлігі жасаған мәлімдемеде әскерлердің өздері кездескен символдық дұшпанның көліктері мен жеке құрамын жойғаны хабарланды.

Бірлескен оқу-жаттығуда соғыс уақытында әскерлердің үйлесімділігін қамтамасыз ету, басқаруды жетілдіру, тәжірибе алмасу және жеке құрамның кәсіби деңгейін арттыру көзделуде.