АҚШ-тағы пойыз апатынан 3 адам қаза тапты

АҚШ-тың Миссури штатында пойыз апатынан 3 адам қаза тауып, 40-тан астам адам жарақат алды.

Миссури штатының губернаторы Майк Парсон штатта «Amtrak» компаниясына тиесілі бір пойыздың рельстен шығып кеткенін хабарлады.

«Amtrak» компаниясының жазбаша мәлімдемесінде болса «Миссуриде самосвалмен соқтығысқан «Amtrak» пойызының бірнеше вагоны рельстен шығып кетті және жолаушылардың жарақат алуына себеп болды» делінді.

Пойыздағы 243 жолаушының 3-інің қаза тапқаны, 40-тан астам адамның жараланғаны айтылды.


Этикеттер: мәлімдеме , пойыз , рельс