Түркия БҰҰ-ның Газа секторы туралы шешімін құптады

ТР Сыртқы істер министрлігі тақырыппен байланысты мәлімдеме жасады.

2151382
Түркия БҰҰ-ның Газа секторы туралы шешімін құптады

Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Қауіпсіздік кеңесі кеше қабылдаған Газа секторында атысты тоқтату шешімін Түркия «қырғынды тоқтатудағы маңызды бір қадам» деп бағалады.

ТР Сыртқы істер министрлігінен жасалған жазбаша мәлімдемеде бұл шешімнің маңызды қадам екені аталып, «БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі 10 маусым күні қабылдаған 2735 қарарын Газа секторында атысты тоқтатуға бағытталған Газада қырғынды тоқтату үшін маңызды бір қадам деп есептейміз» деді.

Хамастың атысты тоқтату жоспарын «конструктивті және оң» ұстаныммен құптағаны атап көрсетілген мәлімдемеде «Израильдің тұрақты атысты тоқтатуды сақтауға және қаралып отырған шешімнің барлық элементтерін толығымен орындауға міндетті. Түркия соғыстың біржола тоқтатылуына, Израильдің Газадан толығымен шығарылуына, кепілге алынғандар мен тұтқындардың өзара босатылуына, жер аударылған палестиналықтардың Газа секторына қайта оралуына, гуманитарлық көмектің үздіксіз және тиісті түрде жеткізілуіне кепілдік беретін қадамдарға үлес қосуға уәде берді. Газа секторын қайта құру жұмыстарына үлес қосамыз» делінді.

АҚШ Президенті Джо Байденнің  31 мамыр күні жариялаған және алғаш сатысында Газа секторында дереу атысты тоқтату қамтылған 3 сатылы ұсынысқа қолдау беретін жобаны қабылдаған болатын.

15 мүшелі БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде өткен дауыс беруде шешім жобасы 14 «қабылдау» дауысына қарсы Ресейдің «қалыс қалумен» қабылданған еді.



Ұқсас жаңалықтар