Түрік Қарулы Күштері Косовода балалар ойын алаңын құрды

Елші Ангылы осында сөйлеген сөзінде Косовоның болашағын құратын балаларға берілген бұл көмектің өте құнды екенін айтты.

2151325
Түрік Қарулы Күштері Косовода балалар ойын алаңын құрды

НАТО-ның Косоводағы Бейбітшілік күштері  құрамында қызмет ететін Түркия өкілдігі елдің Драгаш муниципалитетіндегі Фетах Сүлеймани бастауыш мектебінде балалар ойын алаңын құрды.

Мектепте өткен ашылу салтанатына Түркияның Косоводағы өкілетті және төтенше елшісі Сабри Тунч Ангылы, Түркия делегациясының басшысы полковник Сабри Гөкхан Карамүрсел, Драгаш қаласы әкімінің орынбасары Ресул Фетаху, сондай-ақ осы елде жұмыс істейтін жергілікті және түрік мекемелерінің өкілдері, ұстаздар  және студенттер қатысты.

Елші Ангылы осында сөйлеген сөзінде Косовоның болашағын құратын балаларға берілген бұл көмектің өте құнды екенін айтты.

Ангылы жобаның аяқталуына үлес қосқан Түрік Қарулы Күштері мен басқа да мекемелерге алғысын білдірді.

Елші Ангылы «Түркия Республикасы бұрын Косовоның жанында болғаны сияқты, бүгін де, болашақта да онымен бірге болады» деді.

Түркия Өкілдік комитетінің төрағасы Карамүрсел де Косовода әртүрлі салаларда жүзеге асырған жобалар арасында балаларға бағытталған жобалардың маңыздылығын түсіндірді.



Ұқсас жаңалықтар