Президент Ердоған Испанияға барады

Президент Режеп Тайып Ердоған 12-13 маусым күндері Испанияға болады.

2150999
Президент Ердоған Испанияға барады

Президент Режеп Тайып Ердоған 8-ші Түркия-Испания үкіметаралық саммиті аясында 12-13 маусым күндері Испанияда болады.

Ел астанасы Мадридте президент Ердоған мен Испания премьер-министрі Педро Санчестің қатысуымен «Испания-Түркия бизнес форумы» өтеді.

Форумның мақсаты – қаржы, жасыл трансформация, энергетика, инфрақұрылым және көлік салаларында өтетін панельдерде екі ел арасындағы коммерциялық ынтымақтастықты арттыру.

Екі ел әсіресе шағын және орта бизнестің цифрлық трансформациясын қолдайды, туризм мен денсаулық сақтау секторлары да өзара инвестициялық мүмкіндіктер ұсынады.

 



Ұқсас жаңалықтар