Дүниежүзілік темекісіз күні және қоршаған орта апталығы

Президент Ердоған «Темекі шегуден болатын аурулардан әлемде күн сайын 20 мың адам қайтыс болады» деді.

2150622
Дүниежүзілік темекісіз күні және қоршаған орта апталығы

Президент Режеп Тайып Ердоған «Бекемді тұғырымыздың нәтижесінде елімізде темекі шегудің аздап зайғанына  қуаныштымыз» деді.

Президент Режеп Тайып Ердоған осы тақырыптағы күресті құмарлыққа себеп болатын барлық заттармен күрес көлеміне кеңейтетіндерін білдірді.

«Дүниежүзілік темекісіз күні және қоршаған орта апталығы» бағдарламасы аясында елдің түкпір-түкпірінен және әртүрлі елдерден Стамбулға келген жастармен және спортшылармен кездескен Ердоған қонақтардың темекі және темекі өнімдері туралы пікірлерін тыңдады.

Президент Режеп Тайып Ердоған осы тақырыптағы күресті құмарлыққа себеп болатын барлық заттармен күрес көлеміне кеңейтетіндерін білдірді.

Ердоған былай деді: «Темекі шегуден болатын аурулардан әлемде күн сайын 20 мың адам қайтыс болады. Біздің елде жыл сайын темекі құбыжығына 85 мың адамды құрбандыққа шаламыз; темекі адамдарды улап қана қоймай, әлемді де ластайды. Дүние жүзіндегі баланың тең жартысы темекі түтінімен ластанған ауамен тыныс алуға мәжбүр қалуда. Темекі түтінінің құрамында 4 мыңнан астам улы және канцерогенді заттар бар. Темекі өнімдеріндегі токсиндер мен басқа да канцерогенді заттар ауаға таралып, шылым шегетіндердің айналасындағылар үшін ластанған, яғни пассивті орта жасайды.Темекі шегудің барлық зиянына қарамастан, жыл сайын 700 миллиард доллар пайда табуды жалғастыруда».

Президент сондай-ақ бекемді тұғырдың нәтижесінде Түркияда темекі шегудің аздап төмендегенін қуантқанын атап өтті.



Ұқсас жаңалықтар