Хамас Ердоғанға алғыс білдірді

Президент Ердоғанның сөздерін Хамас жоғары бағалады.

2129150
Хамас Ердоғанға алғыс білдірді

Палестиналық тойтарыс ұйымы Хамас президент Режеп Тайып Ердоғанның өздеріне қатысты сөздерін мақтан тұтатынын білдірді.

Түркия Президенті, Әділет және даму партиясы төрағасы Ердоғанның Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісіндегі сөздерінен  кейін Хамас жазбаша мәлімдеме жасады.

«Түркиядағы «Ұлттық күштер” Тәуелсіздік соғысы (1919-1923) кезінде қалай болса, Хамас та дәл сондай» деген сөздерін Хамас жоғары бағалады.

Хамас мәлімдемесінде «Президент Ердоғанның батыл мәлімдемелері мен ұстанымы бауырлас түрік халқының тарихи және бірегей ұстанымын көрсетеді. Халқымыз бұл мәлімдемелерді халқымыздың өз жерін азат ету, сол жерге оралу және астанасы Иерусалим болатын тәуелсіз мемлекет құру құқығын қолдау күресінде батыл үн ретінде есте сақтайды» деп айтылды.



Ұқсас жаңалықтар