Түркия Газа секторына жаңа гуманитарлық жәрдем кемесін жібереді

Түркия шабуылдар басталғалы Газа секторына 39 мың 697 тонна әртүрлі гуманитарлық көмек материалын жеткізді.

2128657
Түркия Газа секторына жаңа гуманитарлық жәрдем кемесін жібереді

Газа секторына жеткізу үшін Түрік Қызыл жарты ай қоғамы дайындаған 3 мың 774 тонна гуманитарлық көмек материалын тасымалдаған кеме өткен кеште Мерсин халықаралық портына жөнелтілді.

7 қазан күнінен бері Израильдің шабуылына ұшыраған Газа секторындағы Палестина халқымен ынтымақтастығы үшін жеткізілген азық-түлік, нәресте материалдары, ұйықтайтын қаптар мен глютенсіз өнімдерден тұратын 3 мың 774 тонна көмек тиелген кеме салтанатты рәсіммен жолға шықты.

Кеме шамамен 40 сағатқа созылатын теңіз саяхатымен Газа секторына ең жақын аймақ болып табылатын Мысырдың Әл-Ариш портына барады.

Портқа аялдаған кемеден түсірілетін гуманитарлық көмек материалдары жүк көліктерімен Рафах шекара қақпасына жеткізіледі.

Мұндағы кедендік рәсімдердің артынан материалдар Палестина Қызыл Жарты Ай қоғамына өткізіледі.

Түркия шабуылдар басталғалы 13 ұшақ және 8 кемемен Газа секторына 39 мың 697 тонна әртүрлі гуманитарлық көмек материалын жіберді.



Ұқсас жаңалықтар