Ердоған Катар Әмірімен сөйлесті

Президент Режеп Тайып Ердоған Катар Әмірі шейх Тамим бин Хамад әл-Танимен телефон арқылы сөйлесті.

2128073
Ердоған Катар Әмірімен сөйлесті

Президент аппараты жанындағы Коммуникация басқармасынан жасалған мәлімдемеге қарағанда Ердоған Катар Әмірі шейх Тамим бин Хамад әл-Танимен әңгімеде барысында  Түркия мен Катар қарым-қатынастары, жаһандық және аймақтық мәселелер, Израильдің Газаға жасаған шабуылдары және гуманитарлық жағдай талқыланды.

Әңгімеде президент Ердоған Израильдің Газа секторындағы қатыгез шабуылдарын тоқтату және жасаған адамзатқа қарсы қылмыстарды жазалау үшін ислам әлемінің бірлікте күш-жігерін арттыруы керектігін білдірді.

Ердоған аймақтағы шиеленістің таралуына жол бермеу үшін Израильді тезірек тежеп, сауатты әрекет етудің өмірлік маңызды екенін айтты.

Әңгіме барысында  президент Ердоған мен Катар Әмірі Әл Тани бір-бірін Ораза айт мерекесімен құттықтады.



Ұқсас жаңалықтар