ТӘЖ мен «Pegasus» кейбір бағыттардағы рейстерін кеше өзгертті

Иранның шабуылынан кейін Ливан, Иран, Ирак және Иордания әуе кеңістіктерін жапты.

2127427
ТӘЖ мен «Pegasus» кейбір бағыттардағы рейстерін кеше өзгертті

Түрік Әуе жолдары (ТӘЖ) және «Pegasus» әуе жолдарының Иран, Иордания, Ирак және Ливанға рейстері Иран мен Израиль арасындағы шиеленіс пен көршілес елдердің әуе кеңістігін жабуына байланысты тоқтатылды.

Иранның Израильге жасаған шабуылынан кейін Ливан, Иран, Ирак және Иордания әуе кеңістіктерін жапты.

ТӘЖ және «Pegasus» әуе кеңістігін жапқан елдерге өткен түнде және бүгінге жоспарланған рейстерді өзара тоқтатты.

Аймаққа қарай ұшқан ұшақтар да Стамбулға қайтарылды.

ТӘЖ-ның кеше түнде Стамбул-Тегеран, Стамбул-Исфахан, Стамбул-Шираз, Стамбул-Мешхед рейстерінің де бағытын өзгертіп, Стамбулға оралғаны білдірілді.

ТӘЖ-ның Куала-Лумпур-Стамбул рейсі де Дубайға бағытталды.

Стамбул Сабиха Гөкчен әуежайынан Иран мен Иракқа ұшатын «AJet» және «Pegasus» әуе жолдарының рейстері де тоқтатылды. Бұл елдерге баратын ұшақтар Эрзурум, Диярбакыр, Элазығ және төңіректегі әуежайларға бағытталды.



Ұқсас жаңалықтар