Президент Ердоғанның кеңесшісі Кылыч ағылшын министрмен бас қосты

Ұлыбритания министрі Тарык Ахмед «X» әлеуметтік желісіндегі аккаунтынан мәлімдеме жасады.

2127216
Президент Ердоғанның кеңесшісі Кылыч ағылшын министрмен бас қосты

Президенттің сыртқы саясат және қауіпсіздік жөніндегі бас кеңесшісі Акиф Чағатай Кылыч Ұлыбританияның Таяу Шығыс бойынша мемлекеттік министрі Лорд Тарык Ахмедпен кездесті.

Ұлыбритания министрі Ахмед «X» әлеуметтік желісіндегі аккаунтынан жасаған мәлімдемеде 11 сәуір күні бас қала Лондонда Кылычпен бас қосқанын атап көрсетті.

Президенттің бас кеңесшісі Кылычпен кездесуге риза екенін тілге тиек еткен Ахмед «Газа секторындағы қақтығыстардың дереу тоқтатылып, аймақта зорлық-зомбылықтың ұлғаюына жол бермеу және одан әрі зорлық-зомбылықтың алдын алу керектігі тақырыбында келістік» деді.



Ұқсас жаңалықтар