Президент Ердоған Рим Папасына жазған "Палестина" хатын жіберді

Президенттік аппараттың Коммуникация басқармасы тақырыппен байланысты мәлімдеме жасады.

2127315
Президент Ердоған Рим Папасына жазған "Палестина" хатын жіберді

Президент Режеп Тайып Ердоған адамзаттың Газа секторында халықаралық құқықтың бұзылуына жол бермеу керектігін атап көрсетті.

Президенттік аппараттың Коммуникация басқармасынан жасалған мәлімдемеде президент Ердоғанның Ватикан мемлекет басшысы Рим Папасы Францискке «Палестина» хатын жолдағаны білдірілді.

Ердоған өз хатында Түркияның гуманитарлық дипломатия ұранымен Қырым заңсыз аннексияланған 2014 жылдан бері Украинаның аумақтық тұтастығын қолдағанын, Палестиналық жазықсыздардың өмір сүру құқығы мен күресінде алдыңғы шепте болғанын және бұдан кейін де болатынын атап көрсетті.

Түркияның 2023 жылдың 7 қазан күнінен бері жіберілген 45 мың тоннаға жуық гуманитарлық жәрдеммен Газа секторына ең көп көмек көрсеткен екінші ел екенін жеткізген Ердоған араларында христиандар да бар 450 туыс-тамырымен 429 газалық науқас және жаралының Түркиядағы емдеу процесінің жалғасып жатқанын түсіндірді.

Ердоған хатында «Барлық хақ діндерде өлтіруге тыйым салғанын білетін адамзат Газа секторында халықаралық гуманитарлық құқықтың бұзылуына бұдан былай жол бермеу керек. Соғыс кезінде ауруханалар мектептер, мешіттер мен шіркеулерді қасақана бомбалауға қарсы дауысын көтеру керек.

Палестина-Израиль мәселесі әділ шешілмей, Таяу Шығыста тұрақты бейбітшілік пен тұрақтылықты орнату мүмкін емес. 1967 жылғы шекараларда бас қаласы Иерусалимнің шығысы болатын тәуелсіз, егеменді және географиялық тұрғыдан интеграцияланған бір Палестина мемлекетінің пайда болуы және халықаралық қоғамдастықтың тең құқылы мүшесі ретінде жаһандық жүйеде өз орнын алуы өте маңызды» деді.

Ердоған бүкіл әлемде тараған ислам дұшпандығы, нәсілшілдік және ксенофобия сияқты соңғы кездері қоғам арасында бейбітшілік пен тұрақтылыққа қауіп төндіретін бастамаларды ескере отырып, әлемнің инклюзивті және ұтымды саясат пен барлық жағдайда тараптармен келіссөз орната алатын қабілетте актерлерге тарихта бұрын-соңды болмағандай қажеттілік бар екенін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар