Президент Ердоған Аббаспен телефон арқылы сөйлесті

Фахреттин Алтун тақырыппен байланысты «TRT Haber» телеарнасына мәлімдеме жасады.

2127152
Президент Ердоған Аббаспен телефон арқылы сөйлесті

Президент Режеп Тайып Ердоған Палестина көшбасшысы Махмуд Аббаспен телефон арқылы сөйлесті.

Коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтун «TRT Haber» телеарнасының тікелей эфирінде жасаған мәлімдемесінде президент Ердоғанның Аббаспен телефон арқылы сөйлескенін хабарлады.

Алтун президент Ердоғанның Аббасқа Газа секторына Израиль жасаған опасыз шабуылдарға қарсы тік тұруды жалғастыратынын атап, «Израиль бұл жауыздықтың беделін міндетті түрде өтейтін болады» деді.

Ердоған телефон әңгімесінде «БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің шешімімен бірге атысты тоқтату үшін барлық мүмкіндіктерді жұмылдыруымыз керек, Израильге қарсы табанды және бірлікте күресуге тиіспіз» деді.



Ұқсас жаңалықтар