Израиль "TRT" тілшілерін нысанаға алды

БҰҰ жаралы "TRT" тілшісіне қоса журналисттер тобына жасалған шабуылды тергеуді талап етті.

2127164
Израиль "TRT" тілшілерін нысанаға алды

Біріккен Ұлттар Ұйымы Израильдің «TRT» қызметкерлеріне жасаған шабуылының Газа секторындағы журналистердің алдында тұрған қауіптерді анық көрсеткенін атап, оқиғаның ашық және сенімді түрде тергеуін талап етті.

БҰҰ Баспасөз хатшысы Стефан Дужаррик араларында «TRT»  де бар бір топ журналистке Израиль жасаған шабуылмен байланысты жазбаша мәлімдеме жасады.

Оқиға туралы қолдарында әлі толық ақпарат болмағанын атап көрсеткен Дужаррик «Бұл оқиға Газа секторындағы журналистердің қандай қауіп-қатерлерге ұшырағанын анық көрсетеді» деді.

Дюжаррик «Бұл да басқа оқиғалар сияқты ашық және сенімді түрде тергелу керек» деді.

Газа секторында «TRT» қызмет атқарған журналистке қоса, Палестина, Судан және басқа да көптеген жерлерде журналисттердің қиындықтарға тап болғанына назар аударған Дужаррик «Дүние жүзіндегі журналистер өз жұмыстарын қауіпсіз орындауға тырысуда» деді.

Израиль армиясы Нусайрат босқындар лагеріне жасаған шабуылда аймақтағы оқиғаларды қадағалап жүрген «TRT Арабша» телеарнасының қызметкерлеріне қоса, бір топ журналисті нысанаға алған еді.

Шабуылдар кезінде «TRT Арабша» телеоператоры Сами Мұхаммед Шехад, CNN телеарнасынан Мұхаммед Хасан эс-Савалихи және еркін журналист Ахмед Бекир әл-Лухтың Израиль әскері тарапынан нысанаға алынғаны және жараланғаны хабарланды.



Ұқсас жаңалықтар