Түркия Грекияға наразылық көрсетті

Түркия Грекияның екі жаңа теңіз саябағы жариялайтыны туралы мәлімдемесіне наразылық білдірді.

2126424
Түркия Грекияға наразылық көрсетті

Сыртқы істер министрлігінен жасалған жазбаша мәлімдемеде Грекияның Сыртқы істер министрлігінің 16-17 сәуірде өтетін «Біздің Мұхиттар конференциясы» барысында  бірі Эгей теңізінде, екіншісі Ион теңізінде екі жаңа теңіз саябағы жариялағаны жайлы былай делінді: «Грекияның Эгей мәселелері аясындағы барлық дерлік платформалардан  пайда табуға тырысқаны белгілі. Соңғы уақытта қарым-қатынастарымыз жұмсарғанына қарамастан, Грекияның бұл жолы да экологиялық мәселелерді пайдаланып жатқаны байқалады. Грекияға Эгей мәселелірін және халықаралық келісімдермен егемендігі Грекияға берілмеген кейбір аралдардың және жартастардың мәртебесіне қатысты мәселелерді өз күн тәртібі аясында қолданбауды ұсынамыз».



Ұқсас жаңалықтар