Израильге жалған ақпарат үшін наразылық білдірді

Ұлыбританиядағы Түркия елшілігінде басқарма «Түркия-Ұлыбритания қатынастары панелі» өткізді.

2126074
Израильге жалған ақпарат үшін наразылық білдірді

Президенттік аппарат жанындағы Коммуникация басқармасы басшысы Фахреттин Алтун палестиналықтарды және ақиқатты қорғаудың адам абыройын қорғау екенін айтты.

Ұлыбританиядағы Түркия елшілігінде басқарма «Түркия-Ұлыбритания қатынастары панелі» өткізді. Жиынға  көптеген ғалым, сараптамалық орталықтардың өкілдері, журналистер мен бизнес өкілдері қатысты.

Жиынның беташарында Коммуникация басқармасы басшысы Алтун да қатысушыларға бейне үндеу жолдады.

Израильдің Палестинаға жасаған шабуылдарына тоқталған Алтун Израильдің Газаға 6 айдан бері жалғасып жатқан шабуылдарында аштықты қару ретінде қолданғанын, тіпті аймаққа сау гуманитарлық көмектің де жасалмағанын білдірді.

Израильдің қатыгез шабуылдарын жасыру үшін қолданған жүйелі жалған ақпарат тарату акциясына назар аударған Алтун бұл жалған ақпаратпен күресіп жатқандарын айтты. Алтун Израильдің жалған ақпарат тарату арқылы палестиналықтарды да, шындықты да қырғанын атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар