Фидан НАТО жиналысындағы кездесу жайлы мәлімдеме жасады

Хакан Фидан «2025 жылы НАТО Сыртқы істер министрлерінің бейресми жиналысы Түркияда өтеді» деді.

2125107
Фидан НАТО жиналысындағы кездесу жайлы мәлімдеме жасады

Сыртқы істер министрі Хакан Фидан НАТО елдерінің сыртқы істер министрлерінің бейресми кездесуін 2025 жылы Түркияда өткізуге шешім қабылданғанын мәлімдеді.

Фидан Бельгияның астанасы Брюссельде өткен НАТО Сыртқы істер министрлері жиналысынан кейін баспасөз өкілдеріне күн тәртібіне қатысты баға берді.

Министр Фидан НАТО сыртқы істер министрлерінің 2025 жылы өтетін бейресми кездесуін Түркияда өткізуді ұсынғанын айтты.

Фидан «Бұл шешім қабылданды. 2025 жылы НАТО Сыртқы істер министрлерінің бейресми кездесуі Түркияда өтеді» деді.

Фидан кездесуде Түркияның қауіпсіздігіне байланысты одақтастардан күткендерін білдірді.

Фидан «Біз НАТО-ға мүше елдердің терроризммен күресте Түркияны толық және сөзсіз қолдауы, террористтермен күресте Түркияның жанында болуы және НАТО-ға мүше кейбір елдердің террор ұйымымен ынтымақтастық жасамауы керектігін атап өттік. Бұның НАТО одақ рухына қайшы екенін түсіндірдік» деп көрсетті.

Екі жақты кездесулерде террор ұйымы PKK-ның Еуропадағы әрекеттеріне қатысты жағдайды да ортаға салғанын айтқан Фидан «Біз оларға Еуропада тұратын отандастарымыз бен азаматтарымызға жасалған зорлық-зомбылық әрекеттерін айыптап қана қоймай, өте ауыр шаралар қолдану керектігін жеткіздік» деді.

Министр Фидан кездесу аясында өткізген екіжақты кездесулерінде әріптестерімен Газадағы жағдай туралы пікір алмасқанын білдірді.

«Біз Газаға қатысты алаңдаушылықтарымызды және мәселенің енді шешілмейтін деңгейге жеткенін атап өттік» деген Фидан «Біз атысты тоқтату, шұғыл гуманитарлық көмек көрсету және екі мемлекетті шешім перспективасы қажеттігін бірнеше рет көтердік» деді.

Кездесуде Сыртқы істер министрі Дмитрий Кулебадан Украинадағы соғыс туралы ақпарат алғандарын баяндаған  Фидан Түркияның осы елдің қауіпсіздігі мен егемендік құқықтарын жақтайтынын тағы бір рет түсіндірді.

Хакан Фидан АҚШ Мемлекетітк хатшысы Энтони Блинкенмен екі жақты кездесуінде кең ауқымды тақырыпты қозғағандарын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар