Президент қауіпсіздік қызметкерлерімен ауызашар жасады

Президент полиция, жандармерия және жағалау қызметкерлерімен ауызашар бағдарламасында бас қосты.

2124528
Президент қауіпсіздік қызметкерлерімен ауызашар жасады

Президент Режеп Тайып Ердоған «Түркия мен аймақтың болашағында террорға орын жоқ екенін дос пен дұшпанға көрсетуге бел байладық» деді.

Президент Ердоған Президенттік сарайдың көрме залында полиция, жандармерия және жағалау қауіпсіздік қызметкерлерімен ауызашар бағдарламасында бас қосты.

Ердоған террордың саясаттан тыс қарастырылуға тиісті мәселе екеніне назар аударып, «PKK-дан ФЕТО-ға, ДАИШ-тан DHKP/C-ге дейін ешбір кемсітусіз террор ұйымдарының барлығы ұлтымыздың жауы болып табылады. Үкімет пен мемлекет ретінде терроризмге қарсы өте тиімді және табысты күрес жүргіздік» деді.

Түркияның террордың көзін құрту стратегиясы нәтижесін ел көлемінде және шетелде алғандарын атап көрсеткен Ердоған үзіліссіз жалғасқан операциялардың арқасында бөлшектеуші террор ұйымын жоюдың шегіне жеткізгендерін білдірді.

Президент Ердоған «Сирия мен Ирактағы операцияларымызбен ДАИШ және PKK-YPG террор ұйымдарын шекараларымыздан шығардық. Осы басқан оң қадамдарымыз иншалла табандылықпен жалғасады. Түркия мен аймақтың болашағында террорға орын жоқ екенін дос пен дұшпанға көрсетуге бел байладық» деді.



Ұқсас жаңалықтар