Түркияның "Шифа" ауруханасы туралы мәлімдемесі

ТР Сыртқы істер министрлігі Израильдің Палестина халқын әдейі және жүйелі түрде жойғанын мәлімдеді.

2123395
Түркияның "Шифа" ауруханасы туралы мәлімдемесі

Түркия Газа секторындағы "Шифа" ауруханасынан алынған көріністердің Израильдің Палестина халқын қасақана және жүйелі түрде жоюды мақсат еткенінің дәлелі екенін білдірді.

ТР Сыртқы істер министрлігінен жасалған мәлімдемеде «Израиль билігі соңғы 6 айда жасаған қылмыстар адамзат тарихындағы ең үлкен жауыздықтар арасында орнын алды» делініп, бұл қылмыстарды жасаған әрбір адам сотталып, қылмысқа көз жұмғандардың есімдерінің тарихта қара дақ болып қалатыны атап көрсетілді.

Газа секторындағы "Шифа" ауруханасынан алынған көріністер Израильдің Палестина халқын әдейі және жүйелі түрде жоюды мақсат етіп отырғанын дәлелдейді» делінген мәлімдемеде адами ар-ұжданы мен құқықты елемеген және жаһандық бейбітшілік пен тұрақтылыққа нұқсан келтірген Израильді тоқтатудың халықаралық қауымдастықтың міндеті екені атап өтілді.

Мәлімдемеде «Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесі қабылдаған соңғы атысты тоқтату шешімі мен Халықаралық Қылмыстық Сот жариялаған қосымша шаралардың орындалуын қамтамасыз ету үшін қажетті шаралардың уақыт жоғалтпай қабылдануы керек» делінді.



Ұқсас жаңалықтар