Беларусь Республикасының құрметті консулдығы ашылды

Рәсімге Беларусь Сыртқы істер министрінің орынбасары Юрий Амбразевич қатысты.

2123739
Беларусь Республикасының құрметті консулдығы ашылды

Чанаккаледе Беларусь Республикасының құрметті консулдығы ашылды.

Беларусь Сыртқы істер министрінің орынбасары Юрий Амбразевич елінің Чанаккале құрметті консулдығының ашылу салтанатына қатысты.

Рәсімде сөйлеген сөзінде Амбразевич құрметті сонсулдықтың Беларусь пен Түркия арасындағы қарым-қатынастар үшін маңызды қадам екенін айтып, Чанаккаленің түрік тарихы тұрғысынан өте маңызды қала екенін атап көрсетті.

Чанаккале губернаторы Илхами Акташ да Чанаккаленің Беларусьтің Новогрудок қаласы сияқты мәдениет және туризм саласында дамып келе жатқан қала екенін айтты.

Акташ Беларусьпен ынтымақтастықтың бұл екі қала үшін өте маңызды екенін атап көрсетті. «Қол қойылатын хаттама Чанаккале мен Беларусьтің әдемі қаласы Новогрудок арасында достық және құрметке толы қарым-қатынас орнатып қана қоймай, сауда, білім, мәдениет және туризм салаларында ынтымақтастық орнатуға мүмкіндік береді» деді ол.

Беларусьтің Чанаккаледегі құрметті консулы Рыдван Демирхан екі ел қарым-қатынасын барынша арттыру және нығайту үшін жұмыс істейтінін айтты.



Ұқсас жаңалықтар