Президент Ердоған Голландия премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті

Президент Ердоған НАТО Бас хатшысы үміткері Рюттеге Түркияның жаңа бас хатшыдан күткенін білдірді.

2122935
Президент Ердоған Голландия премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті

Президент Режеп Тайып Ердоған Голландия премьер-министрі Марк Рюттемен телефон арқылы сөйлесті.

Әңгіме барысында Түркия мен Голландия арасында өзара қарым-қатынастар мен НАТО-ның жаңа бас хатшысын анықтау процесі талқыланды.

Президент Ердоған НАТО Бас хатшылығына үміткер Рюттеге де Түркияның жаңа бас хатшыдан күткендерін білдірді.

Ердоған жаңа бас хатшыдан террор және басқа да сын-қатерлерге қарсы күресте мүшелердің қауіпсіздігі мен мүдделеріне барынша қызмет етуі, Одақтың бірлігін күшейтуі және НАТО-ның негізгі рөліне басымдық беруі және Одақтың өзінің негізгі құндылықтары мен қалыптасқан тәжірибелерін ұстануға және ЕО-қа мүше емес одақтастардың сезімталдығын ескеруге сенімді міндеттемелерді ұсыну керектігін атап көрсетті

Президент Ердоған әңгіме барысында осы қағидалар аясында Түркияның бұл мәселеге қатысты шешімін стратегиялық даналық және әділеттік аясында қабылдайтынын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар