Түркияда ертең  жергілікті әкімшілік сайлауы өтеді

Сайлауда ел бойынша 206 мыңнан астам сайлау жәшігі орнатылады.

2122436
Түркияда ертең  жергілікті әкімшілік сайлауы өтеді

61 миллион 441 мыңнан астам сайлаушы дауыс беретін сайлауда тәуелсіз кандидаттар мен 34 саяси партияның кандидаттары бақ сынасады.

Сайлауда ел бойынша 206 мыңнан астам сайлау жәшігі орнатылады.

Сайлаушылар 30 ірі қалалық муниципалитет, 51 қалалық муниципалитет, 973 аудан, 390 ауыл әкімшілігі төрағасы және 50 мың 336 ауыл басшысымен бірге қалалық мәжілістердің мүшелерін анықтау үшін сандыққа жүгінеді.

Облыстық жалпы кеңес пен муниципалдық кеңес мүшелігін сайлайды.

Маусымдық жағдайлар мен күннің бату уақытын ескере отырып, Жоғарғы сайлау кеңесі шығыстағы 32 обалыста дауыс беру процесін бір сағатқа алға тартты.

Осы тұрғыда 32 облыста дауыс беру Түркия уақыты бойынша сағат 07.00-де басталып, 16.00-де аяқталады.

Осы облыстардан тыс басқа жерлерде дауыс беру уақыты 08.00-ден 17.00-ге дейін болады.



Ұқсас жаңалықтар