Түркия Палестина халқының жанында

Фахреттин Алтун  «Тарих бойы әлемде әділдік пен бейбітшілікті қорғаған халық ретінде біз Палестина халқының жанындамыз» деді.

2122332
Түркия Палестина халқының жанында

Президент аппараты жанындағы Коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтун  «Тарих бойы әлемде әділдік пен бейбітшілікті қорғаған халық ретінде біз Палестина халқының жанындамыз» деді.

Алтун Стамбулдағы Галатапорт пошта бөлімшесінде Президенттік коммуникация басқармасы ұйымдастырған «Ғасырлық жәдігер: Түрік Қызыл жарты ай  қоғамы  тұтқын хаттары көрмесін» аралады.

Алтун мұндағы мәлімдемесінде «Біз өз көрмемізде Палестина майданында (Бірінші дүниежүзілік соғыста) тұтқынға алынған жауынгерлеріміздің хаттары мен суреттеріне де ерекше орын бөлдік. Бұл суреттер бізге Палестина тарихымыздың ажырамас бөлігі екенін айтады. Тарих бойы бүкіл әлемде әділеттілік пен бейбітшілікті қорғаған ел ретінде бүгін біз Палестина халқымен біргеміз» деді.

Көрмені дұрыс пен бұрыс арасындағы күресте қай жерде тұрғанын көрсету тұрғысынан өте құнды деп түсіндірген Алтун 25 мың тұтқын хатын 100 жыл бойы сақтағаны үшін Түрік Қызыл жарты ай қоғамына  және ТРТ-ге қосқан үлестері үшін алғыс айтты.



Ұқсас жаңалықтар