Ердоған партиясының Бурса митингісінде сөз сөйледі

Ердоған Бурса митингісінде сөйлеген сөзінде Израильдің 7 қазаннан бері Газаға жасаған шабуылдарына тоқталды.

2121627
Ердоған партиясының Бурса митингісінде сөз сөйледі

Президент Режеп Тайып Ердоған Газада мұсылмандардың қанын төккенге соқыр және саңырау болғандардың ертең Түркияның басына да осындай апат келсе, дәл осылай жасайтындарын айтты.

Президент, Әділет және даму партиясының төрағасы Режеп Тайып Ердоған партиясының Бурса митингісінде сөйлеген сөзінде Израильдің 7 қазаннан бері Газаға жасаған шабуылдарына тоқталды.

Ердоған Газада ағып жатқан мұсылман қанына қарсы соқыр және саңырау болғандардың ертең Түркияда да осындай апат орын алса, дәл осылай жасайтындарын білдірді.

Ердоған «Шынында біз мұны бастан өткердік. Біз Ресеймен араздасып, шекарамызда лаңкестік ұйымдар қауіп төндірген кезде батыс елдері оңтүстік қалаларымыздағы әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесін алып кеткен еді. Біз сол кезеңдегі қиындықтарды өз күшімізбен еңсере алдық.  Сирияда, Ливияда, Жерорта теңізінде, Қаратеңізде, Қарабахта қандай қадам бассақ алдымызға  үлкен жаһандық одақ шықты» деді.

Ердоған кейбір елдердің сенім мен тұрақтылық ахуалын бұзу үшін Түркияда жылдар бойы арандату әрекеттерін жасауға тырысқанын айтты.



Ұқсас жаңалықтар