Түркия  Мәскеуде концерт залында жасалған террорлық шабуылды айыптады

Түркия Ресейдің бас қаласы Мәскеуде концерт залында жасалған террорлық шабуылды айыптады.

2119111
Түркия  Мәскеуде концерт залында жасалған террорлық шабуылды айыптады

Сыртқы істер министрлігінен жасалған жазбаша мәлімдемеде Мәскеудегі шабуылда қаза тапқандар мен жараланғандардың көп болғаны қайғылы екені атап көрсетілді.

Мәлімдемеде «Жазықсыз бейбіт тұрғындарды нысанаға алған бұл жантүршігерлік лаңкестік әрекетті қатаң айыптаймыз. Ресей халқы мен Ресей үкіметіне қайғымызды білдіріп, көңіл айтамыз» делінді.

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасы Нуман Куртулмуш та Ресейдің астанасы Мәскеудегі концерт залында бейбіт тұрғындарды нысанаға алған террорлық шабуылды айыптады.

Куртулмуш әлеуметтік медиа аккаунтындағы жазбасында «Мен Мәскеудегі жазықсыз бейбіт тұрғындарды нысанаға алған жантүршігерлік лаңкестік әрекетті қатаң айыптаймын және Ресей үкіметі мен Ресей халқына көңіл айтамын»деді.

Вице-президент Джевдет Йылмаз да террор шабуылын айыптады.

Йылмаз әлеуметтік желідегі парақшасында жасаған мәлімдемесінде «Әлемнің қай жерінде орын алса да, кім жасаса да, жазықсыз адамдарды нысанаға алған лаңкестік адамзатқа қарсы қылмыс. Қаза тапқандардың отбасылары мен Ресей халқына көңіл айтамын, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілеймін» делінді.

Сыртқы істер министрі Хакан Фидан да Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен телефон арқылы сөйлесіп, Мәскеудегі террорлық шабуылға байланысты көңіл айтты.

Фидан Лавровқа Түркияның Мәскеудегі лаңкестік шабуылды айыптап, президент Режеп Тайып Ердоған және  түрік халқының Ресей халқы мен үкіметіне көңіл айтқанын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар