ҰҚМ-нің Ирак мәлімдемесі

ТКК террормен күресінің табандылықпен жалғасып жатқаны айтылды.

2118534
ҰҚМ-нің Ирак мәлімдемесі

Ұлттық Қорғаныс министрлігі (ҰҚМ) ақпарат көздері Ирак билігінің де сепаратист террор ұйымы PKK-ны қауіп ретінде қабылдағанын, Біріккен Операция орталығы және терроризммен күресте басқа да ынтымақтастық ұсыныстарына оң көзқарас білдіргенін мәлімдеді.

Министрлікте өткен баспасөз брифингінде Түрік Қарулы күштерінің (ТКК) террормен күресінің табандылықпен жалғасып жатқаны айтылды.

PKK/KCK/PYD-YPG, ДАИШ және ФЕТӨ-ден бастап террор ұйымдарының барлығына қарсы жүргізілген операциялармен Ирак және Сирияның солтүстігіне қоса, соңғы бір аптада 26 террорист залалсыздандырылған, 1 қаңтар күнінен бастап залалсыздандырылған террорист санының Ирактың солтүстігінде 242, Сирияның солтүстігінде 366 барлығы, 608-ге жетті.

Министрлік ақпарат көздері Бағдатта өткен кездесулерде Ирак тарапының лаңкестікпен күрестегі көзқарасы туралы қойылған сұраққа қайтарған жауабында «Ирак жағы да террор ұйымы PKK-ны қауіп ретінде қабылдайды. Біздің Біріккен операция орталығы және терроризмге қарсы күресте ынтымақтастық туралы басқа да ұсыныстарға оң қарайды. Алдағы кезеңде Ирак әкімшілігі лаңкестікпен күрес және шекара қауіпсіздігі сияқты тақырыптар бойынша жұмысымыз одан әрі жалғасатын болады» деді.



Ұқсас жаңалықтар