Ердоған Кайсери митингінде үн қатты

Президент Ердоған партиясының Кайсери митингінде халыққа үн қатты.

2118492
Ердоған Кайсери митингінде үн қатты

Президент Режеп Тайып Ердоған 21 жылда tk экономикасын 3 есеге арттырғандарын, келешекте екі есе ұлғайту арқылы Түркияны әлемнің ең күшті экономикасы арасында лайықты орныға көтеруді мақсат еткенін атап көрсетті.

Әділет және даму партиясы төрағасы, президент Ердоған партиясының Кайсери митингінде халыққа үн қатты.

Үндеуінде халықты Наурыз мейрамымен құттықтаған Ердоған «Халқымызды Наурыз қуанышын сезінген барша бауырларды мерекемен құттықтаймын.

Орталық Азиядан Балқанға дейінгі кең аймақта жаңа үмітпен тойланатын Наурыздың жақсылық әкелуін тіілеймін.

Ел экономикасына да тоқталған Ердоған «Түркия экономикасын 21 жылда 3 есе арттырдық. Ендігі мақсатымыз алдағы уақытта елімізді тағы екі есе дамытып, әлемнің ең мықты экономикалары қатарына енгізу» деді.



Ұқсас жаңалықтар