Теңіз жеңісі тойланып жатыр

Ататүрік ескерткішіне гүл шоқтары қойылды.

2116792
Теңіз жеңісі тойланып жатыр

Чанаккале теңіз жеңісінің 109 жылдығы жылдағыдай бүгін де мақтанышпен тойлануда.

Шейіттерді еске алу күні мен Чанаккале теңіз жеңісінің 109 жылдығына орай тарихи Галлиполи түбегінде салтанатты шара ұйымдастырылуда.

18 наурыз Шейіттерді еске алу күні мен Чанаккале теңіз жеңісінің 109 жылдығына байланысты алғашқы рәсім Джумхуриет алаңында өтті. Салтанатты шараға Ұлттық қорғаныс министрі Яшар Гүлер, азаматтық және әскери қызметкерлер, ардагерлер, саяси партия өкілдері мен Австралия, Жаңа Зеландия және Англия миссиясының өкілдері қатысты.

Ататүрік ескерткішіне гүл шоқтары қойылды.

Үнсіз еске алудан кейін Ұлттық Әнұран шырқалып,  Түркия туы көтерілді.



Ұқсас жаңалықтар