Түркия Исламға қарсы күрес туралы қарар жобасының қабылдануына риза

Түркия БҰҰ Бас ассамблеясында Исламға қарсы күрес туралы қарар жобасының қабылдануына риза болғанын білдірді.

2116278
Түркия Исламға қарсы күрес туралы қарар жобасының қабылдануына риза

Түркия Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Бас ассамблеясында Исламға қарсы күрес туралы қарар жобасының қабылдануына риза болғанын білдірді.

Сыртқы істер министрлігі 15 наурыз Халықаралық Исламофобиямен күрес күніне орай жазбаша мәлімдемесінде халықаралық қауымдастықты Исламға қарсы ортақ ұстанымға шақырды.

Мәлімдемеде Түркияның Ислам Ынтымақтастығы Ұйымына (ИЫҰ) мүше елдермен бірге әзірлеген антиисламизммен күрес жөніндегі қарар жобасының БҰҰ Бас Ассамблеясында қабылдануына ризашылық баса айтылды.

Түркияның БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі Седат Өнал аталмыш шешімнің  мүше мемлекеттерді мұсылмандарға қарсы зорлық-зомбылықты қоздырмау үшін барлық қажетті шараларды қабылдауға шақырғанын түсіндірді. Өнел шешімнің халықаралық қоғамдастықтың бұл мәселемен күреске белсенді түрде араласуына және міндеттемелерді әрекетке айналдыруға мүмкіндік беретінін білдірді.


Этикеттер: #риза , #ИЫҰ , #Ислам , #БҰҰ

Ұқсас жаңалықтар