Хакан Фидан Ирак Сыртқы істер министрімен кездесті

Хакан Фидан мен Ирак  премьер-министрінің орынбасары және Сыртқы істер министрі Фуад Хүсейін Бағдадта кездесті.

2115744
Хакан Фидан Ирак Сыртқы істер министрімен кездесті

Түркия Ирак Ұлттық қауіпсіздік кеңесі тарапынан жасалған “Бөлшенктеуші террор ұйымы PKK-ның Иракта тыйым салынған ұйым” деген  шешімін құптады.

Сыртқы істер министрі Хакан Фидан мен Ирак  премьер-министрінің орынбасары және Сыртқы істер министрі Фуад Хүсейін Ирактың астанасы Бағдадта кездесті.

«Түркия-Ирак қауіпсіздік механизмі кездесуінен» кейін жарияланған ортақ қорытынды декларацияда  президент Режеп Тайып Ердоғанның Рамазан айынан кейінгі (11 наурыз – 9 сәуір) Ирак сапарына дайындықтың талқыланғаны білдірілді.

Декларацияда Ирактың саяси бірлігі, егемендігі және аумақтық тұтастығына мән берілгеніне тоқталып, бөлшектеуші террор ұйымы PKK-ның Түркия мен Иракқа қауіп төндіретіні баяндалды.

Декларацияда Түркияның Ирак Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің бөлшектеуші террор ұйымы PKK-ның Иракта тыйым салынған ұйым екендігі туралы шешімін құптағаны атап өтілді. Декларияда сондай-ақ тараптардың Ирак жерін пайдаланып Түркияны нысанаға алған ұйым мен оның жалғастарына қрсы алдын алу шараларды қолға алғаны айтылды.



Ұқсас жаңалықтар