Хакан Фидан Бакудегі жиналыста сөз сөйледі

Хакан Фидан Бакуде өткен Түркия-Әзербайжан-Грузия үшжақты сыртқы істер министрлерінің 9-шы жиналысында сөз сөйледі.

2115984
Хакан Фидан Бакудегі жиналыста сөз сөйледі

Министр Фидан Әзербайжанның астанасы Бакуде өткен Түркия-Әзербайжан-Грузия үшжақты сыртқы істер министрлерінің 9-шы жиналысында сөз сөйледі.

Министр Фидан Оңтүстік Кавказда тұрақты бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету тек аймақ үшін ғана емес, жаһандық қауіпсіздік үшін де өте маңызды екенін атап өтті.

Фидан «Біз 2-ші Қарабах соғысы (Әзербайжан мен Армения арасындағы) аяқталған 2020 жылдың қарашасынан осы таңға дейін  бұл мақсатқа жету үшін тарихи мүмкіндік пайда болды деп санаймыз» деді.

Хакан Фидан аймақ елдерінің Зеңгезүр дәлізі сияқты аймақтық және жаһандық байланыс жобаларын өзара мүдде негізінде  қолдауын күтетіндерін айтты.

Газада атысты тоқтату туралы үндеуін қайталаған Сыртқы істер министрі Фидан қасиетті Рамазан айында газалықтарды әлі де аштық пен індеттерге ұшыратып отырған Израиль қысымын тоқтатуға шақырды.



Ұқсас жаңалықтар