Түркиядан Иракқа маңызды сапар

ТР Сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасады.

2115137
Түркиядан Иракқа маңызды сапар

Сыртқы істер министрі Хакан Фидан, Ұлттық Қорғаныс министрі Яшар Гүлер және Ұлттық барлау ұйымы (ҰБҰ) директоры Ибрахим Калын қауіпсіздікке бағытталған келіссөздер үшін Ирактың бас қаласы Бағдатқа барады.

ТР Сыртқы істер министрлігінен жасалған мәлімдемеге қарағанда Фидан Түркия мен Ирак арасында жүргізілетін қауіпсіздік тақырыбындағы келіссөздердің Ирак Сыртқы істер министрі Фуад Хусейннің қонақжайлығымен өтетін кезекті отырысына қатысу үшін Бағдатқа барады.

Иракқа баратын делегация құрамында Фиданға қоса Ұлттық Қорғаныс министрі Гүлер, ҰБҰ төрағасы Калын және Ішкі істер министрінің орынбасары Мунир Каралоғлу да орын алады.

Кездесуде терроризммен күрес, қауіпсіздік және әскери ынтымақтастық салаларынан бастап, өзара күн тәртібіндегі тақырыптарды жан-жақты талқылануы күтілуде.



Ұқсас жаңалықтар