«Atmaca» зымыраны сынақтан сәтті өтті

«Atmaca» зымыраны нысанаға сәтті соққы енгізді.

2113808
«Atmaca» зымыраны сынақтан сәтті өтті

Түркияның алғашқы отандық және ұлттық турбореактивті қозғалтқышымен (KTJ-3200) жасалған «Atmaca» зымыраны нысанаға сәтті соққы енгізді.

Қорғаныс өнеркәсібі басқармасының мәлімдемесіне сәйкес, басқарма тарапынан басталған және «Roketsan» тарапынан жалғастырылған «Atmaca» жобасы аясында ұлттық ресурстармен әзірленген ішкі жүйелер мен құрамдас бөліктерді тексеру үшін жүргізілген ату кезінде нысанаға сәтті соққы берілді.

Қорғаныс өнеркәсібі басқармасының басшысы  Халук Гөргүн «Ұлттық қозғалтқыштарымызбен нығайтылған ұлттық платформаларымыз қорғаныс өнеркәсібінің толық тәуелсіздікке жету мақсатын тездетеді және алаңдағы ойындарды өзгертеді» деді.



Ұқсас жаңалықтар