Түркия мен АҚШ-тан ортақ мәлімдеме

Сыртқы істер министрлігі Түркия-АҚШ стратегиялық механизмі туралы ортақ мәлімдеме жариялады.

2113307
Түркия мен АҚШ-тан ортақ мәлімдеме

Сыртқы істер министрі Хакан Фидан мен АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкеннің қатысуымен 7-8 наурыз күндері АҚШ-та өткен Стратегиялық механизм жиналысына қатысты ортақ мәлімдеме жасалды.

Сыртқы істер министрлігі Түркия-АҚШ стратегиялық механизмі туралы ортақ мәлімдеме жариялады.

Түрік және АҚШ үкіметтерінің бірлескен мәлімдемесінде «Министр Фидан мен министр Блинкен ортақ мақсаттарды ілгерілетуге және пайда болған жаһандық сын-қатерді шешуге мүмкіндік беретін нәтижеге негізделген өзара оң күн тәртібіне адалдықтарын қайталады. Екі министр Түркия-АҚШ қатынастарының аймақтық басымдықтары терроризмге қарсы күрес, қорғаныс саласындағы ынтымақтастық, экономикалық өсу, сауда-саттық, энергетикалық қауіпсіздік пен климаттық өзгеріс және әртүрлі салаларда адамдар арасындағы байланысты күшейту мәселелерін қарастырды» делінді.

Министр Фидан және министр Блинкеннің «терроризмнің барлық түрлері және көріністерімен күресу керектігін қайталағаны» атап көрсетілген мәлімдемеде «Стратегиялық механизм аясында Түркия мен АҚШ ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіретін терроризмге қарсы ынтымақтастықты арттыру және ұйымдасқан қылмысқа қоса, есірткі саудасымен айналысатын ұйымдарды қолға түсіру мақсатты Түркия пен АҚШ терроризмге қарсы кеңес жиналыстарын қайта бастады» делінді.

АҚШ-тың Түркия мен түрік мүдделерін нысанаға алған террор ұйымдары PKK, DHKP-C және ДАИШ-ті айыптағанын қайталаған министр Блинкен мәлімдемесінде «Түркия мен АҚШ Сирия мен Иракта ДАИШ-ті тұрақты түрде жеңу бағытында ортақ табандылық ортаға қойып, Африка мен Орталық Азиядағы ДАИШ пен Әл-каида террор ұйымымен байланысты ұйымдардан туындайтын қауіп-қатерге қарсы ынтымақтастықты талқылады» деді.

Мәлімдемеде министр Фидан мен Блинкеннің Украинаның егемендігі және аумақтық тұтастығына байланысты Түркия мен АҚШ-тың қолдауын қайталағаны аталып, «Министр Фидан мен Блинкен Газа секторында жалғасып жатқан дағдарысты талқылап, дипломатиялық әрекеттерін бағалады. Тараптар қақтығысты тоқтатудың жолын іздеу және гуманитарлық дағдарысты тез арада еңсерудің маңыздылығын атап өтті және екі мемлекетті тұрақты шешімге табанды екендіктерін қуаттады» делінді.

Фидан мен Блинкеннің Сирия дағдарысын жан-жақты барлық тұстарымен қолға алғаны атап көрсетілген мәлімдемеде «Түркия мен АҚШ БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2254 қарары аясында сириялықтардың басшылығымен және сириялықтар ие шыққан бір саяси процеске табандылықты қайталады» делінді.

Ортақ мәлімдемеде Түркия мен Америка Құрама Штаттарының ДАИШ-пен байланысы бар тұтқындар мен Сирияның солтүстік шығысында қоныс аударған туған елдеріне қайтарудың маңыздылығын, адамдарды оңалтатын және өз қоғамдарына қайта қасылуларын қамтамасыз етілетінін және қажетті түрде жауапқа тартылатындары шыққан елдеріне қайтырылуының маңыздылығы баса айтылды.

Фидан мен Блинкеннің Жерорта теңізінің шығысындағы жағдайды да талқылап, тұрақтылық пен байланыс арналарын сақтаудың маңыздылығына назар аударғаны атап көрсетілген мәлімдемеде «Министр Блинкен 2023 жылы желтоқсан айында Афинада өткен «5-ші Жоғары деңгейдегі ынтымақтастық кеңесі» және Түркия-Грекия достық қарым-қатынастар мен тату көршілік декларациясына қол қоюға қоса Түркия мен Грекия арасындағы жалғасып жатқан байланыстарды қуанышпен қарсы алды» делінді.

Мәлімдемеде Фидан мен Блинкеннің Әзербайжан мен Армения арасындағы тұрақты бейбітшілік келісімін алға жылжыту үшін бірге жұмыс істейтіні және мұндай келісімінің аймақтық тұрақтылық, ынтымақтастық және ілгерілету туралы келісті.



Ұқсас жаңалықтар