Президент Ердоған әйелдердің орнына тоқталды

Президент Ердоған  әйелдер қауымын  8 наурыз-Халықаралық  әйелдер күнімен құттықтады.

2112980
Президент Ердоған әйелдердің орнына тоқталды
erdogan kadinlar gunu program.jpg
erdogan kadinlar gunu program.jpg
erdogan kadinlar gunu program.jpg
erdogan kadinlar gunu.jpg

Президент Режеп Тайып Ердоған «Түрік ғасырына» дайындықтарын күшті әйелдер, күшті отбасы және күшті Түркия төңірегінде жүргізіп жатқандарын айтты.

Президент Ердоған Стамбулда «Түркияға күш берген әйелдер» атты бағдарламасында сөз сөйледі.

Президент Ердоған  әйелдер қауымын  8 наурыз-Халықаралық  әйелдер күнімен құттықтады.

8 наурыздың бейбітшілікке, достыққа, бауырмалдық және ынтымаққа әкелуін тілеген президент Ердоған  «8 наурыз ғана емес, жылдың қалған 364 күні де әйелдер күні, солай болуы керек. Түркия ғасырына дайындықтарын күшті әйелдер, күшті отбасылар және күшті Түркия төңірегінде жүргізіп жатырмыз» деді.

Күшті отбасы  тек ұлт пен мемлекеттің ғана емес,  ел болашағының кепілі екенін түсіндірген Ердоған отбасы мен әйелді алшақтататын, әйелді отбасына қарсы қоятын кез келген көзқарасты қабылдамайтындарын айтты.



Ұқсас жаңалықтар