Куртулмуш әйелдер қауымын 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасы Нуман Куртулмуш «Барлық адал, қаһарман әйелдерге шексіз алғыс айтамын» деді.

2112902
Куртулмуш әйелдер қауымын 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасы Нуман Куртулмуш әйелдер қауымын 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады. 

Әлеуметтік желідегі парақшасында бөліскен Нуман Куртулмуш «Өзінің бар болуымен, ұстанымымен, күш-жігерімен, көрегендігімен, жігерімен және батылдығымен болашақты көтеретін, сондай-ақ өмірдің барлық саласында шексіз сүйіспеншілік және жанашырлығымен үмітті нығайтып жүрген барлық әйелдерді 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймін» деді.

Мәлімдемесінде палестиналық әйелдеріне де тоқталған  Куртулмуш «Балалары мен туған жерін таусылмас үмітпен қорғаған  палестиналық әйелдердің әділ күресі адамзаттың оянуына себепші болады деп үміттенемін» деді.

Куртулмуш жазбасында «Барлық адал, қаһарман әйелдерге шексіз алғыс айтамын» деп көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар