Соңғы 1 апда 36 террорист залалсыздандырылды

Ұлттық Қорғаныс министрлігі тақырыппен байланысты мәлімдеме жасады.

2112533
Соңғы 1 апда 36 террорист залалсыздандырылды

Ирак пен Сирияның солтүстігінде жүргізілген террормен күрес операциясында соңғы аптада 36 террорист залалсыздандырылды.

Ұлттық Қорғаныс министрлігінің баспасөз мәлімдемесіне қарағанда Түрік Қарулы күштерінің (ТҚК) террормен күресі табандылықпен жалғасуда.

Барлық террор ұйымдарына, әсіресе бөлшектеуші террор ұйымы PKK/KCK/PYD-YPG, ДАИШ және ФЕТО-дан бастап соңғы аптаның ішінде Ирак пен Сирияның солтүстігіне қоса жүргізілген операцияларда 36 террорист залалсыздандырылды.

1 қаңтар күнінен бері Ирактың солтүстігінде 204, Сирияның солтүстігінде 315, барлығы 519 террорист залалсыздандырылды.

Жалғасқан операциялар мен іздестіру жұмыстары аясында «Пенче-килит» операциясы аймағында анықталған баспаналарда террористтерге тиесілі көптеген миномет оқ-дәрісі тәркіленді.

Екінші жағынан АҚШ Орталық қолбасшылығының (CENTCOM) Сирияда бөлшектеуші террор ұйымы PKK/YPG басшысымен кездесуі туралы сұрақтарға министрлік ақпарат көздері «АҚШ ДАИШ-пен күрес сылтауымен PKK/YPG/SDG террор ұйымына қолдау көрсетуді жалғастыруда. Бір террор ұйымын жою үшін екінші бір террор ұйымын пайдалана отырып террормен күрес жүргізу мүмкін емес. Демек, террормен күрес лаңкестермен жүргізілмейді. Дос және одақтас елдерден күтетініміз PKK/YPG/SDG террор ұйымына жәрдем мен беретін қолдауды тоқтатуы және терроризммен күресімізге шынайы қолдау көрсетуі» деп жауап қайтарды.



Ұқсас жаңалықтар