Аслы Гүвен «Біз барлық тараптарды UNRWA-ны қолдауға шақырамыз» деді

БҰҰ Бас Ассамблеясында UNRWA-ға қатысты оқиғаларға арналған сессия өтті.

2111057
Аслы Гүвен «Біз барлық тараптарды UNRWA-ны қолдауға шақырамыз» деді

Түркияның Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) жанындағы Тұрақты өкілінің орынбасары Аслы Гүвен  БҰҰ-ның Таяу Шығыстағы Палестиналық босқындарға көмек көрсету және жұмыс жөніндегі агенттігінің (UNRWA) жұмысының маңыздылығына тоқталып «Біз барлық тараптарды UNRWA-ны қолдауға шақырамыз» деді.

БҰҰ Бас Ассамблеясында UNRWA-ға қатысты оқиғаларға арналған сессия өтті.

Мұнда сөз сөйлеген Гүвен UNRWA-ның шамамен 75 жыл бойы палестиналық босқындарға көмек және қорғау жасап келе жатқанын айтты.

Асли Гүвен  «Бұл көмектер өте маңызды және таптырмас. Олар өмірді құтқаруда» деді.

Гүвен UNRWA қызметкерлерінің батыл әрекеттерін бағалайтындарын айтты.

Гүвен «Олар осы миссияда ең үлкен құрбандық жасауда. Соңғы 5 айда UNRWA-ның 150 нысаны соққыға ұшырады. UNRWA-ның 160 қызметкері қаза тапты. БҰҰ туы астында бейбіт тұрғындар қаза тапты және жараланды» деді.

Гүвен UNRWA-ның 1949 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясымен құрылғанын еске салды.

Гүвен «Бұл платформа халықаралық қауымдастықтың кең мүшесі мен ар-ожданын көрсетеді. Бас ассамблея UNRWA-дан бас тарта алмайды және палестиналық босқындарды өз еркімен қалдыра алмайды» деп көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар