Газаға көмек жіберіледі

Фатма Мерич Йылмаз шамамен 2 мың 700 тонналық көмек материалының Газаға жеткізілетінін білдірді.

2110326
Газаға көмек жіберіледі

Түрік Қызыл жарты ай қоғамының төрағасы Фатма Мерич Йылмаз шамамен 2 мың 700 тонналық көмек материалының Газаға жеткізілетінін білдірді.

Йылмаз әлеуметтік медиа желісінде хабарлама жариялап,  Газаға көмек жеткізетін тағы бір кеменің дайындалғанын айтты.  Ол кемеге шамамен 2 мың 700 тонна көмек тиелетінін атап көрсетті.  Мерсиннен қозғалатын кеменің Мысырға баратынын айтқан Йылмаз «Артынан көмек материалдарын Рафах шекара қақпасына көліктермен жеткіземіз» деді.

Израильдің Газа секторына бағытталған шабуылдарында 30 мыңнан астам адам қаза тапты.



Ұқсас жаңалықтар