Ердоған: «Елімізді 4 негізгі салада дамытуға уәде бердік»

Презиент Ердоған Анталия қалалық ауруханасының ашылу салтанатында үн қатты.

2110105
Ердоған: «Елімізді 4 негізгі салада дамытуға уәде бердік»

Президент Режеп Тайып Ердоған «Түркия ғасыры» көзқарасымен үлкен мақсаттарға қарай бет алғандарын атап, «Мақсатымыз енді дамыған елдерді қуып жету емес, олардың алдыңғы қатарында орын алу» деді.

Президент Ердоған Анталия қалалық ауруханасы мен байланыс жолдарының ашылу салтанатында үн қатты.

Ердоған қалалық ауруханаларды Түркияның денсаулық сақтау саласындағы серпілістерінің символы ретінде көретінін білдірді.

«Елімізді 4 негізгі салада дамытуға уәде бердік. Біз мұны білім, денсаулық, әділет және қауіпсіздік деп атадық» деген Ердоған «Осы салаларда жүргізілген реформалардың арқасында бейбіт және қауіпсіз елде өмір сүріп жатырмыз» деді.

Президент қалалық ауруханалардың Түркияға ғана тән жаңа денсаулық сақтау жүйесі екенін түсіндірді. Ердоған азаматтардың бұрын диагностика және емдеу үшін шетелге барғанын, бірақ қазір Түркияның көптеген салада әлемге көшбасшылық жасайтын денсаулық орталықтарының біріне айналғанын атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар