Түркия медиа және коммуникация саласында 10 орынға көтерілді

Фахреттин Алтун Түркияның медиа және коммуникация саласында 10 орынға көтерілгенін білдірді.

2109217
Түркия медиа және коммуникация саласында 10 орынға көтерілді

«Brand Finance» халықаралық бренд бағалау ұйымының «Global Soft Power» индексінде Түркия медиа және коммуникация саласында 10 орынға көтерілді.

Президент аппараты жанындағы Коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтун «Brand Finance» тарапынан  әзірленген «Global Soft Power Index» 2024 деректеріне сәйкес Түркияның медиа және коммуникация саласында өткен жылмен салыстырғанда 10 орынға көтеріліп, 193 ел арасында 18-ші орын алғанын білдірді.

Алтун әлеуметтік желідегі парақшасында түрік және ағылшын тіліндегі жазбаларында «БАҚ және коммуникация саласындағы халықаралық ауқымдағы жұмысымыздың инклюзивтілігі, тиімділігі, сенімділігі мен қолжетімділігінің артуы еліміздің осы өсімінің айқындаушы факторлары болды» деді.

Алтун дәл осы индекстің «Әсер ету аясы» санатында 13-ші орында тұрған Түркияның жоғары көрсеткішінің халықаралық қарым-қатынастардағы табысы мен бай мәдени мұрасының арқасында екенін айтты.



Ұқсас жаңалықтар