Ердоған «Украина - Оңтүстік Шығыс Еуропа саммитіне» бейне үндеу жолдады

Ердоған саммитке қонақжайлық жасаған Албания премьер-министрі Эди Рамаға алғысын білдірді.

2108866
Ердоған  «Украина - Оңтүстік Шығыс Еуропа саммитіне» бейне үндеу жолдады

Президент Режеп Тайып Ердоған 2-ші жылын аяқтаған Ресей-Украина соғысына қатысты «Бейбітшілікті тұрақтандыру үшін Стамбулда алдында бастаған келіссөз үстелін қайта құруға дайынбыз» деді.

Президент Ердоған «Украина мен Оңтүстік Шығыс Еуропа саммитіне» арнаған бейне үндеуінде Түркияның Украинаның тәуелсіздігі, егемендігі, қауіпсіздігі және аумақтық тұтастығына қолдауын еске салып, Қырым татарларының құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін бар күш-жігерін салғанын баса айтты.

Ердоған соғысты әділ және тұрақты бір бейбітшілікпен аяқтау үшін «дипломатия мен келіссөзге жағдай жасау керек» деген көзқарасты ұстанатынын атап «Бейбітшілік орнату үшін бұрын Стамбулда орнатқан келіссөз үстелін қайта құруға дайынбыз. Осы орайда ортақ жағрапиямыз Балқан түбегінде, Оңтүстік Шығыс Еуропа елдерінің ынтымақтастық үдерісі арқылы пайда болған ынтымақ рухының жақын аймағымызға тарауын есептеймін» деді.

Ердоған саммитке қонақжайлық жасаған Албания премьер-министрі Эди Рамадан бастап, саммитті ұйымдастыруға үлес қосқан баршаны шын жүректен құттықтады.



Ұқсас жаңалықтар