Ұлттық барлау ұйымы Сирияда 1 террористті залалсыздандырды

«Азади Дерик» лақапты террорист Эмине Сейид Ахмед Камышлыда залалсыздандырылды.

2107892
Ұлттық барлау ұйымы Сирияда 1 террористті залалсыздандырды

Ұлттық барлау ұйымы (ҰБҰ) Камышлыдағы операциямен террор ұйымы YPG/YPJ-ның басшыларының бірі «Азади Дерик» лақапты Сирия азаматы Эмине Сейид Ахмедті залалсыздандырды.

Қауіпсіздік дереккөздеріне қарағанда ҰБҰ 2011 жылы террор ұйымына қосылған және түрік қауіпсіздік күштеріне қарсы шабуылдарды жоспарлаған Ахмедтің ізіне түсті.

«Азади Дерик» лақапты Эмине Сейид Ахмед Камышлыда жүргізілген операцияда залалсыздандырылды.

Ұйым атынан «зымыран сатып алу және қолданылуына жауапты» деп аталатын Ахмедтің «Зәйтүн бұтағы» операциялық аймағында түрік қауіпсіздік күштеріне қарсы зымырандық шабуылдарға бұйрық бергені айтылды.

Террорист Ахмедтің Килистегі бейбіт тұрғындарды нысанаға алған зымырандық шабуылдарға бұйрық бергені анықталды.



Ұқсас жаңалықтар