Түркия мен Сомали арасында маңызды келісім жасалды

Сомали президенті Хасан Шейх Махмуд «Сомали мен Түркия арасындағы бекітілген қорғаныс және экономикалық ынтымақтастық келісіміне қол қойдым» деді.

2106293
Түркия мен Сомали арасында маңызды келісім жасалды

Сомали президенті Хасан Шейх Махмуд Түркия мен елі арасындағы қорғаныс және экономикалық ынтымақтастық шеңберлік келісіміне қол қойғанын жариялады.

Президент Махмуд өзінің «X» әлеуметтік медиа аккаунтында аталмыш  келісімге қатысты мәлімдеме жасады.

Махмуд «Сомали мен Түркия арасындағы бекітілген қорғаныс және экономикалық ынтымақтастық келісіміне қол қойдым. Бұл тарихи келісім ұлтымыздың қауіпсіз және гүлденген болашақ жолындағы жаңа парағын көрсетеді» деді.

Келісімнің барлық заңсыз әрекеттермен күресу үшін ортақ шешімді білдіретінін және Сомалидің теңіз қауіпсіздігі үшін қажет екенін түсіндірген  Махмуд «Бауырлас Түркияға  аймақта бейбітшілік, тұрақтылық пен өркендеуді қамтамасыз етудегі мызғымас және дер кезінде қолдауы мен табандылығы үшін үлкен алғысымызды білдіреміз»  деп көрсетті.

Түркия мен Сомали арасында қорғаныс және қауіпсіздік мәселелері де қамтылған Қорғаныс және экономикалық ынтымақтастық шеңберлік келісіміне 8 ақпан күні қол қойылған еді.



Ұқсас жаңалықтар