«Үлкен жетілік» елдері Сыртқы істер министрлері жиналысы басталды

Бразилиядағы саммитке Түркияның атынан Сыртқы істер министрі Хакан Фидан қатысуда.

2105846
«Үлкен жетілік» елдері Сыртқы істер министрлері жиналысы басталды

Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Газа секторындағы қатыгездіктің тез арада тоқтатылу керектігін баса айтып, халықаралық қауымдастық пен «Үлкен жетілік» елдерін атысты тоқтату және екі мемлекетті шешім үшін белсенді рөл атқаруға шақырды.

Бразилияның ұйымдастыруымен Рио-де-Жанейрода «Үлкен жетілік» елдері Сыртқы істер министрлерінің саммиті басталды.

Жиында Украинадағы жаңалықтар Израильдің Газа секторына шабуылдары, жаһандық шиеленіс, көпжақты ұйымдардың күшеюі, климаттық өзгеріспен күрес, кедейлікті азайту және жаһандық басқару механизмдерін реформалау тақырыптары талқыланады.

Хакан Фидан Сыртқы істер министрлері жиналысының бірінші отырысында сөйлеген сөзінде Газа секторындағы қатыгездіктің тез арада тоқтатылу керектігіне назар аударып, халықаралық қауымдастық пен «Үлкен жетілік» елдерін атысты тоқтату және екі мемлекет шешім үшін белсендірек рөл атқаруға шақырды.

«Жалғасып жатқан халықаралық шиеленістерде «Үлкен жетілік» елдерінің рөлі» деп аталатын сессияда баяндама жасаған Фидан Ресей-Украина соғысының екінші жылын артта қалдырғандарын еске салып, Түркияның тараптардың дипломатияға оралып, келіссөздер бойынша келісімге қол жеткізетініне үмітті екенін және осы бағыттағы бастамаларын жалғастыратынын білдірді.

Халықаралық қауымдастықтың жаһандық теңсіздік пен әділетсіздік, экономикалық әлсіздік, экологиялық мәселелер және жасанды интеллект сияқты жаңашыл технологиялардан туындаған көптеген сынақпен бетпе-бет екенін тілге тиек еткен Фидан жаһандық дипломатияның және «Үлкен жетілік» елдерінің барлық дағдарыс аймақтарында ортақ бастамалар жетілдіруінің маңыздылығына назар аударды.

Әлемнің ең ірі 20 экономикасының басын қосатын «Үлкен жиырмалық» елдері көшбасшылары саммиті қараша айында өтеді.



Ұқсас жаңалықтар