Хакан Фидан  Бразилияда екіжақты кездесулер өткізеді

​​​​​​​Хакан Фидан G20 елдері сыртқы істер министрлері жиналысына  қатысу үшін Бразилияға барды.

2105153
Хакан Фидан  Бразилияда екіжақты кездесулер өткізеді

Сыртқы істер министрі Хакан Фидан “Үлкен жиырмалық” (G20) елдері сыртқы істер министрлері жиналысына  қатысу үшін Бразилияға барды.

G20 елдерінің сыртқы істер министрлері кезекті төрағы  Бразилияның  үй иелегінде  Рио-де-Жанейро қаласында бас қосты.

2 күндік жиында G20-ның халықаралық мәселелерді шешудегі рөлі мен жаһандық басқару реформасы талқыланады.

Жиналыста  Украина мен Газадағы соғыстардың да күн тәртібіне қойылуы күтілуде.

Жиында Сыртқы істер министрі Фидан Түркияның Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесі сияқты жаһандық басқару ұйымдарында реформа жасаудың маңыздылығын білдіреді.

Хакан Фидан Газада қатыгездікті тоқтату және тұрақты бейбітшілік орнатудың өзектілігіне де назар аударады.

Сыртқы істер министрі Хакан Фидан  Бразилияда екіжақты кездесулер өткізеді.

Министр Фидан кездесуге орай өтетін MIKTA (Мексика, Индонезия, Оңтүстік Корея, Түркия және Австралия) 25-ші Сыртқы істер министрлері жиналысына да қатысады.

 



Ұқсас жаңалықтар